Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» атты қалалық семинар

Дата: 05.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 54
2024 жылы 5 қыркүйек күні кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру мақсатында Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері арасында «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараны кітапхана директоры К.Сейтжанова ашса, директордың орынбасарыС.Калимуратова «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында баяндама оқып, кітапханадағы өлкетану жұмысын жетілдіру мақсатында өзінің үсыныстарын жасап, өлке жайлы басылымдарды цифрландыру жұмысына тоқталды. Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының меңгерушісі А.Нұрсағатова «Ауылым -алтын тұғырым» жобасы аясында атқарылған жұмыстары жайлы айтып, слайд арқылы көрсетілім жасады. Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалы меңгерушісі С. Қажаева І. Жансүгіровтің 130 ж...

Тіл - достықтың тірегі

Дата: 05.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 53
2024 жылы 5 қыркүйек күні 3- ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «5қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер» мерекесі күніне орай «Тіл - достықтың тірегі» тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткерілді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке, ұлттың қадір - қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүре міндеті. Шара барысында қатысқан оқырмандар өз пікірлерін білдірді. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, атриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/C_kHRKAigSV/?igsh=MXhkNGh1a3N3cGxxZg==

Президент жолдауы - халықтың қолдауы

Дата: 05.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың қыркүйек айының 5 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында оқырмандармен. "Президент жолдауы-халықтың қолдауы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Оқырмандарға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2024 жылғы жолдауда не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"

Дата: 04.09.2024 Категория: Итоги конкурсов Просмотры: 54
5 қыркүйек «Тілдер» күніне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты мақал-мәтел сайысы 2024 жылдың 4 қыркүйек күні Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалында өтті. Мақсаты: Жастарды ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

«Ана тілім-дана тілім» тақырыбында викториналық сайыс

Дата: 04.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 63
2024жылдың 4 қыркүйек күні қалалық орталық кітапханасында оқу залында «Масат» клуб мүшелерімен«5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні»мерекесіне орай«Ана тілім-дана тілім»тақырыбында викториналық сайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру ,өз ана тілінқұрметтеу, тіл туралы әдебиеттерді насихаттау, Шараға 15 адам қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ