Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Қос ат қорғаныс» клуб мүшелерінің отырысы

Дата: 10.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 48
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 10 қыркүйек күні логикалық ойларының қалыптасуына бағытталған «Қос ат қорғаныс» тақырыбында «Жас шахматшы» клубының мүшелері жиналып шахмат ойынын ойнады. Мақсаты: Шахмат ойыны арқылы жастарға үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білуге баулу.

Бір ел - бір кітап" акциясы

Дата: 10.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
Қалалық балалар кітапханасында 2024 жылдың қыркүйек айының 10 жұлдызында №2 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Оқушыларды жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

«Оқуға құштар-қазақ әдебиетінің жанашырлары» мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

Дата: 10.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 34
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 9 қыркүйек күні Нашар еститіндер қоғамдық клубы, Талдықорған қаласының облыстық №1 бала-бақша мектеп интернатының 8-10 сынып оқушыларымен бірлесіп «Оқуға құштар-қазақ әдебиетінің жанашырлары» атты кітапханадағы жаңа түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізілді. Шара барысында оқушыларға көркем әдебиеттерді интернет желісінде арнайы ашылған Каз.Нэб электронды сайты арқылы онлайн оқып, болмаса аудио кітаптарды тыңдауға болатыны туралы, сонымен қатар Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында кітаптарды QR кодын пайдалана отырып оқуға болатыны туралы айтылды.

"Мейірімділік жылы жүректен" мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

Дата: 09.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 48
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс аясында 9 қыркүйек күні сағат 11-00«Мейірімділік жылы жүректен»атты шарасында кітапхана қызметкерлері Стыбаев Танаттың үйіне сұраған әдебиеттерін жеткізді. Шара мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы https://www.facebook.com/photo/?fbid=1737391743689078&set=pcb.1737391847022401&__cft__[0]=AZW7GKa8g4mbcmb3l51SuYKmUmH5cJqqJzwzr80eiA7KcXW6_99jW1hu-1BXCVsxzttxLYswmYQoB1KPHAA7lVTVFjaBjKk9rUNLgeGDLuFZfg&__tn__=*bH-R https://www.instagram.com/p/C_sANbZIo8j/?utm_source=ig_web_copy_link

«Ұлт руханиятының қайраткері» библиографиялық шолу

Дата: 09.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
2024 жылы 9 қыркүйек күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында ақын, жазушы - публицист, рәмізтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденұлы Шаймерденовтың туғанына 70 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының қайраткері» атты библиографиялық шолуды әлеуметтік желі қолданушылардың назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Қазақ елінің тұңғыш рәмізтанушысы және ҚР Президентінің тұңғыш баспасөз хатшысы Ербол Шаймерденовтың өмірі мен сіңірген еңбектері туралы насихаттау. https://www.instagram.com/reel/C_r1_DcivHV/?igsh=MWpkNHJhc2pmaGw0eA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ