Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Жанашырлыққа - жан риза» атты кітап көрмесі.

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
2024 жылдың 17 қыркүйегінде №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы «Жанашырлыққа - жан риза» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі Нұрғамила Жексембаевамен өткізді. Мақсаты: аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, қайырымдылық, мейірімділік таныту. https://www.instagram.com/p/DAAsGG5CGyx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Шахмат-ой өсіреді» шахмат ойыны

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 41
2024 жылдың 17 қыркүйек күні «Шахмат-ой өсіреді» шахмат ойыны қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында №12 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасында өтті . Оқушылар шахмат ойнаудан бір бірімен шебер ойнау әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мақсаты: кітапхана оқырмандарының есте сақтау, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шахмат туралы білімдерін кеңейту, бос уақыттарын мәдени өткізуді ұйымдастыру. Шараға 16 оқушы қатысты. Тіл және көркем әдебиетті насихаттау

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Дата: 17.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 42
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні қалалық орталық кітапханасына кітап мәртебесін көтеру, кітап қорын толықтыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында қаламыздың тұрғыны А.Ю. Кречетов Қазақ классиктарының орыс тілінде жазылған С.Мұқановтың «Школа жизни» 3 томдық шығармасы, І.Есенберлиннің «Золотая Орда» мен «Кочевники» трилогиясы,орыс классиктарынан Л.Толстойдың «Анна Каренина» романы, В.Гогольдың «Мертвые души», А.Пушкиннің «Сказки», шетел әдебиетінен: А.Дюманың «Граф Монте-Кристо», В.Гауфманның «Сказки» ,Х.К.Андерсен « Сказки и истории» т.б.әдеби шығармалары мен ғылыми танымдық кітаптарды сыйға тартты.

«Тіл- асыл қазына» библио квиз

Дата: 16.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 49
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 21 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай 16 қыркүйек күні сағат 14-00 № 11 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Тіл- асыл қазына» атты библио квиз өткізілді. Шара мақсаты: .Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Шараға 25 адам қатысты https://www.facebook.com/photo/?fbid=476944891996197&set=pcb.476945081996178&__cft__[0]=AZUA2z8pyzOeeDUJqRRuzaj9lde50f66He8YpksYeMM3WFyZ6XSyN8F1X3vgNzjy7RQFkv2oAM-33zj1nry0vS9Vav6PBuNTRhcaXhOV_Yu9Ils2OrhjzpkAp9sHoli262x7Rx5ri5TJstJmWHnppee23_BCqs_rUdFVingKomZAGw&__tn__=*bH-R https://www.instagram.com/p/C_-bYoXIFRB/?hl=ru

«Шалқар шабыт иесі» атты тұлғатану сағаты

Дата: 16.09.2024 Категория: Новости Просмотры: 42
2024 жылдың қыркүйек айының 16 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында оқырмандарымен КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Шалқар шабыт иесі» атты тұлғатану сағаты өтті. Мақсаты: Сыдық Мұхамеджановтың шығармашылығымен таныстыру. Қазақ халқының ұлы мұрасымен таныстыруды жалғастыру. Қазақ халқының өнері туралы білімдерін кеңейту
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ