Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Күзгі баққа саяхат» экология сағаты

Дата: 07.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 59
2024 жылдың 7 қазанында сағат 12:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп - лицейінің 9 «а» сынып оқушыларымен «Күзгі баққа саяхат» атты экологиялық сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандардың «табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Табиғатқа қамқор бола білуге іскерліктерін дамыту, табиғатқа өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу. Шараға 18 адам қатысты. https://www.instagram.com/p/DA0d-eWCg-d/?igsh=MXJtaDBiaDFlN3c5NQ== https://www.facebook.com/share/p/QWw5BQDejrGtVHyn/ https://vk.com/wall452366377_3519

"Ақылды қария ағып жатқан дария"

Дата: 07.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 6 қазан күні «Ақылды қария ағып жатқан дария» атты сторителинг сағат 14-00 де өтті. Мақсаты: жастарға егде жастағы адамдарға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалау, сондай-ақ қоғамда олардың әлеуметтік рөлін қолдау. Шараға 20 адам қатысты.

«Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тәрбие сағаты.

Дата: 02.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 43
2024 жылдың 2 қазан күні сағат 15.45- те мұғалімдер күніне орай, №8 кітапхана филиалында «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Шараға 10 адам қатысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02ziBMNoe7GJ9HtHHmLkQ5ZniJ7G3CHBvmMFABFxccfigV8Q82YCMsf6zdX5tSWouHl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXmfPpwcM68lhEH6SlZakJQ-XP4Y__KYUxuz4PUlikQsOgbyAvclzdEl28d-Yy-Rz6lOv4IfB0E2jdUOsXOORRDFh4v5hSfbYKqtLT8yFsFrmVjmA8LdNiFp21eFDNyS8ztbtXGBPKodHlKSuRbkiwpCv0wGusk9HomGc7IUAn-wg&__tn__=%2CO%2CP-R

Мақал - сөздің мәйегі

Дата: 02.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 45
2024 жылдың 02 қазан күні «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасында 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Мақал - сөздің мәйегі» атты байқауы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу – маржаны, сөз мәйегі болып табылатын мақал – мәтелдер арқылы тәрбиелеу, саналы ой мен көркем мінез – құлқын қалыптастыруға ықпал ету. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар, жетекшілеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Бір ел - бір кітап

Дата: 02.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 41
Қалалық балалар кітапханасында 2024 жылдың қазан айының 2 жұлдызында №7 орта мектептің 5 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Оқушыларды жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін ояту
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ