«Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» атты қалалық семинар
Дата: 05.09.2024
Категория: Новости
Просмотры: 47
2024 жылы 5 қыркүйек күні кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру мақсатында Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері арасында «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараны кітапхана директоры К.Сейтжанова ашса,
директордың орынбасарыС.Калимуратова «Кітапханалардағы өлкетану жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында баяндама оқып, кітапханадағы өлкетану жұмысын жетілдіру мақсатында өзінің үсыныстарын жасап, өлке жайлы басылымдарды цифрландыру жұмысына тоқталды.
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының меңгерушісі А.Нұрсағатова «Ауылым -алтын тұғырым» жобасы аясында атқарылған жұмыстары жайлы айтып, слайд арқылы көрсетілім жасады.
Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалы меңгерушісі С. Қажаева І. Жансүгіровтің 130 ж...