Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ертегілер әлеміне саяхат"

Дата: 13.09.2019 Категория: Новости Просмотры: 284
Қыркүйек айының 11-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Талдықорған қаласының №11 «Құлыншақ» бала-бақшасында «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндеріне «Жетісу балалар кітапханасы» аясында шыққан балаларға арналған кітаптарын таныстырып, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына ықпал ету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Л.Дайрабева Айман Кәріпбаеваның «40 ертегі» кітабындағы ертегілерден үзінділер оқып берді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Қуыршақ» театрының «Жылауық қыз», «Түлкі мен балық» атты қойылымдарын көрсетті. Қатысқан адам саны 15.

Арқа тұтып ардақтар,Балпық атты ерім бар!

Дата: 12.09.2019 Категория: Новости Просмотры: 206
12 сентября 2019 года в читальном зале Центральной городской библиотеки им. В. Маяковского в рамках программной статьи Первого Президента Республики Казахстан-Лидера Нации Н.А.Назарбаева «Ұлы даланың жеті қыры» был проведен дивертисмент вечер на тему «Арқа тұтып ардақтар, Балпық атты ерім бар!» с учениками 8 класса школы №12 и с учащимися коледжа «Білім» г. Талдыкорган. Цель: познакомить читателей с жизнью великого человека, воспитать в них национальный дух и патриотизм, пропагандировать жизнь и духовное наследие Балпык би. В мероприятии приняли участие члены городского Дома ветеранов г. Талдыкорган Нуртай Кыдыралинович, Окитай Ахметов, Данегул Ракымкызы, Галия Жанасылова, Балкия Жуманова, Зейнолхан Бакенова және Гульнар Каримова

Жангелді Немеребаевпен кездесу кеші

Дата: 29.08.2019 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 252
15 тамыз күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Жетісулық танымал ақын, «Қар гүлдері, «Ақ қайнар сезім» атты жыр жинақтарының авторы, облыстық, қалалық жыр мүшәйраларының жүлдергері Жангелді Немеребаевпен кездесу кеші өтті. Шараға ақын Ж.Немеребаев, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің директоры Б.Қ. Түстікбаев және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында поэзия сүйер қауым ақынның өмір жолы мен творчествосымен кеңінен танысып, оның өлеңдерін оқыды. Соныменқатар ақынға: - Поэзияға кандай жолмен келдіңіз?, - «Поэзия-сезім» деген пікірге көз қарасыңыз, - Қазіргі жастарға көңіліңіз толама, - Сіздің «Жан сері» деген жанама атыңызды кім қойды?, - Поэзия жолындағы ұстазыңыз кім болы?, деген сияқты бірқатар сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Шара соңында ақын өзінің бірқатар өлеңдерін оқып берді

Тіршілік негізі - салауатты болашақ

Дата: 29.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 261
9тамыз күні №8 кітапхана филиалында ( Учхоз ЗВТ) №27 орта мектеп гимназиясының 6 сынып оқушылары арасында «Тіршілік негізі - салауатты болашақ» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Өзін – өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Шараға 10 адам қатысты.

Библиографический урок

Дата: 29.08.2019 Категория: Новости Просмотры: 156
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде наурыз айының 12-ші жұлдызында №2 мектептің 7 «ә» сынып оқушыларымен «Іздегенім табылады өзіңнен» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың анықтамалық басылым туралы білімдерін кеңейту. Энциклопедияларды, сөздіктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, олармен өздігінен жұмыс жүргізіп, оларды қолдануды үйрету. Сабақ барысында кітапханашы Г.Майлянова адам бұрын-соңды болып өткен оқиғалар мен даталарды, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтауы мүмкін емес. Сондықтан да, бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйенуге тура келеді және сабақтың балаларға бағыт-бағдар сілтейтінін түсіндіріп өтті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ