Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Балалар әдебиетінің классигі

Дата: 08.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 216
2019 жылдың 7 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залының «Алау» коворкинг орталығында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарына «Балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге: «Өлгендер қайтып келмейді», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармалары қойылып, оқырман назарына ұсынылды.

Нашақорлық дерт

Дата: 06.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 296
2019 жылдың 5 қараша күні №8 кітапхана филиалында (Учхоз ЗВТ) көпшілік және мектеп оқушылары арасында «Нашақорлық дерт» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарғанашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Кітапханашы А. Қадырова есірткі, анаша – ғасыр тажалы екенін, онымен қазір бүкіл әлем болып күресіп жатқанын. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екенін. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты деп тоқтап өтті. Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады, осыны естен шығармау керек. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмауымыз керек. Кешке қатысқан №27 орта мектеп-ги...

Терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Дата: 06.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 200
2019 жылдың 6 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорған қаласының «Білім» колледжінің білімгерлері мен кітапханаға келген оқырмандарға «Терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»атты ақпарат сағаты өткізілді.Мақсаты:Оқушыларға экстремизм және терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру. Оқушылар терроризм жайлы ойларын білдірді. Шараға 18 адам қатысты.

«Денсаулық-зор байлық»

Дата: 06.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 148
2019 жылдың 4 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы аясында № 12 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Денсаулық-зор байлық»атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына тигізетін зауалы туралы түсінік беру; Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Кітапханашылар тарапынан оқушыларға әртүрлі ақпараттар беріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Барлығы: 20 адам қатысты.

Қарттарым аман саумысы

Дата: 06.11.2019 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 176
Қадырова А. Қарттарым, аман саумысың? / А.Қадырова // Талдықорған ақшамы. – 01.11.2019. - №44. – Б.6.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ