Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Тәуелсіздік ұрпақтары

Дата: 13.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 124
В библиотеке филиале № 3 села Еркин 13 декабря с учениками 6 класса школы № 11 ко Дню независимости Республики Казахстан был проведен информационный час «Тәуелсіздік ұрпақтары» и обзор книжной выставки «Әлем таныған Қазақ Елі». Цель мероприятия: расширить понятия детей о независимости нашей республики, рассказать о достигнутых успехах за годы независимости. Призвать их к солидарности и единству. Воспитать в них чувства патриотизма и уважения к своей родине и родной земле. Учить их с уважением и достоинством относиться к великим достояниям своей страны

Тәуелсіздік – ұрпақтар мақтанышы

Дата: 13.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 131
2019 жылдың 12 желтоқсан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана-филиалында «Тәуелсіздік – ұрпақтар мақтанышы» атты тарихи сағат өтті. Мақсаты:Оқушыларға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін түсіндіре отырып еліміздің тарихы туралы түсінік беру,ұлтын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек екендігін түсіндіріп өту. Шара соңында "Тәуелсіздік - бар бағыттың бастауы" атты кітапкөрмесіне кітапханашы К.Табылдинова шолу жасады. Шараға 15 адам қатысты.

"Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім!"

Дата: 13.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 238
Тәуелсіздік – тәуелсіздігімен, егемендігімен, тәуелсіз елі мен жері, тілі мен дінімен маңызды! Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтті. Сондықтан Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Осы Төл мереке қарсаңында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» атты іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шара Алматы облыстық Әділет департаментінің қызметкерлерімен өткізілді. Шара барысында қызметкерлер назарына «Тәуелсіздіктің тарихи жолы» атты слайд-презентация, «Ызғарлы желтоқсан», «Қара бауыр қасқалдақ» атты бейнероликтер көрсетілді. Шара Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын баяндау арқылы жастар бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Тәуелсіздік тұғырының негізі Отансүйгіштік

Дата: 11.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 151
2019 жылдың 10 желтоқсан күні №8 кітапхана филиалында ( Учхоз ЗВТ) оқырмандардың қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырының негізі - Отансүйгіштік» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. Жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және қадірлей, құрметтей білуге баулу, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаны туралы айтып өтті.

Терроризм – адамзаттың қасіреті

Дата: 11.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 246
Жаһандық алапат дертке айналып бара жатқан террористік ұйымның алдын алу мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2019 жылы 24 қазан күні«Терроризм – адамзаттың қасіреті»деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы К.Табылдинова бұл ғаламдық қасірет, әлемдік дәрежедегі қазіргі заманның жазылмас жарасы екенін баса айтып, қатерлі індеттің бүгінде кең құлаш жайып бара жатқаны материалдық қана емес, рухани мешелдіктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрапайлануының салдары және мұндай қоғамдық ауыр дерттермен ел болып, халық болып күресуіміз қажет екендігіне тоқталып өтті. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы кең түсінік бере отырып, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұ...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ