Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Марапаттау рәсімі

Дата: 26.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 265
2019 жылдың 26 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында жаңа жыл мерекесі қарсаңында кітапхана ұжымымен салтанатты жиын өтті. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы, Талдықорған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқышева Эльмира Кенжеғалиқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіКММ-нің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұжым 2019 жылғы кітапханажұмысының жетістіктеріне арналып дайындалған слайдпен танысты. Жиын соңында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен Еңбек ауылдық кітапханасының меңгерушісі Альбиланова Назгүл Досайқызын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Үзембаева Рая Қаниқызын марапаттады. Жиын соңы Талды...

"Өлең, мен сені әлдилеп өтем..."

Дата: 25.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 264
2019 жылдың 25 желтоқсан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорған қаласының «Білім» және Талдықорған қаласының Сервис және Технология колледжінің білімгерлерінің қатысуымен қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты, асау арын, дара дарын, тума талант иесі Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Өлең, мен сені әлдилеп өтем..» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке құрметті қонақ ретінде «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Шара Бүркеқызы қатысып, «Жақсы көру», «Фариза» әндерін тарту етті. Білімгерлерде қалыс қалмай Фариза апайымыздың керемет өлең жолдарын оқып, домбырамен өлең айтып, келген қонақтарды тамсандыр...

Қош келдің, Жаңа жыл

Дата: 25.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 194
2019 жылдың 25 желтоқсан күні № 8 кітапхана филиалында (Учхоз ЗВТ) жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша 3-14 жас аралығындағы балалар арасында өткізілді. Балалар жаңа жылдық шыршаны айналып, өлеңдер айтып, би биледі. Аяз ата мен ақша қарды шақырып, Аяз атаға өздері дайындаған тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнады. Аяз ата өнерлерін көрсеткен балаларға сыйлықтарын берді. Ауыл тұрғыны Искакова Загорья ұйымдастырушыларға алғысын айтып, батасын берді. Шыршаға қатысушылар шырша жанында естелікке суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарын алып мәз-мейрам болып, үйлеріне тарқасты. Шырша кеші өте көңілді өтті. Шараға 78 адам қатысты.

Туа біткен дара ақын

Дата: 24.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 208
2019 жылдың 24 желтоқсан күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында Қазақстанның халық жазушысы, ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Туа біткен дара ақын» атты поэзия кеші оқырман қауымы арасында өткізілді. Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқырмандарға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу. Фариза Оңғарсынованың досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз. Фариза апамыздың қысқаша өмірбаяны туралы тоқталып өттік. Поэзия кешінің қонағы Самал Тұрсынбайқызы Дүйсенбинова Фариза апамыздың « Анама » атты өлеңін оқып, оқырмандарға тарту етті. Оқырмандар өз-ой, пікірлерімен бөлісіп поэзия кеші өте тартымды өтті.

Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан ұлы елім

Дата: 23.12.2019 Категория: Новости Просмотры: 175
Қалалық №2 кітапхана филиалы 2019 жылы 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан ұлы елім» деген тақырыпта патиоттық сағат өткізді. Шараға қаламыздағы заң колледжінің 18 суденті қатысты. Шара барысында «Тәуелсіздік елімнің елік жолы» атты көрмеге шолу жасалды. Мақсаты: Жастарға, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, асқақ мұраты болған тәуелсіздікке жету жолындағы тарихы туралы мағұлматтар беру, өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Тәуелсіздікке қалай жеткенімізді және тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді баяндау. Қаншама қиындықпен келген тәуелсіздігімізді құрметтейтін, қастерлейтін, өз елін, Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға, еліміздің одан әрі дамуына өз үлесін қоса білетін, іздемпаз, күш қуаты мол патриот жастарды тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ