Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы»

Дата: 03.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 155
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2020 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында №22 мектептің кітапханашысы Искакова Аниямен біріге отырып, 9 сынып оқушыларымен «Әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты әдеби вернисаж өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу. Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр алып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Кітапханашы Н.Албиланова балаларға қазақ ойшылдық тарихындағы дара тұлғаның филасофия, таным теориясы, музыка, логика, жан, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары-ұрпақтан ұрпаққ мұра болар ой қазынасы екенін айтып өтті. Балалар ұлы ғұламаның өмір жолдарынан шағын мәліметтер оқып, тақпақтарын айтты. Шараға 23 бала қатысты.

Ауған қасіреті

Дата: 03.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 117
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 3-ші жұлдызында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай №2мектептің 6 а сынып оқушыларымен «Ауған қасіреті» атты тарихи круиз өткізілді. Мақсаты: Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «Ауған ақиқатында» және де кешегі ауған соғысының тарихына шолу жасау. Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау, Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.Шара барысында кітапханашы Ф.Жакупова «Ауған ақиқаты» атты баяндама оқып, Г.Майлянова оқушыларға Ауған соғысы жайында мағлұматтар беріп, «Интернационалдық борыш» атты деректі фильм көрсетілді. Ары қарай оқушылар Ауған соғысы жайлы жаттап келген өлеңдерін оқыды. Шараға 35 оқырман қатысты.

Денсаулық - адам байлығы

Дата: 03.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 115
3 февраля 2020 года в филиале библиотеки Учхоза (ЗВТ) была организована книжная выставка «Здоровье - богатство человека». Подростки приняли участие в книжной выставке. Цель: разъяснить подросткам важность здоровья для жизни человека, важность сохранения его в жизни человека, опасность возникновения микробов, заболевания рук, способы профилактики инфекций.На выставке были представлены книги, пословицы, поговорки, пословицы и статьи о том, как дети должны оставаться здоровыми. Кроме того, «Долголетие в наших руках», «Туберкулез», «Бюллетень разума, охранник здоровья» и др. Мы представили данные. Здоровье человека - это богатство общества. Каждый человек должен помнить, что его здоровье хорошее.

"Ұлы елдің-ұлы композиторлары"

Дата: 31.01.2020 Категория: Новости Просмотры: 170
(лирикaлық бaритон), композитор, музыкант, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері – Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 80 жас толуына орай «Ұлы елдің – ұлы композиторлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақпарат берілді. Аталмыш кітап көрмесі өнер адамдарының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

"Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар"

Дата: 29.01.2020 Категория: Новости Просмотры: 175
2020 жылдың 29 қаңтар күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында № 16 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Шебер қолдар, зерікпейтін ойлар» атты квиллинг өткізілді. Шараның мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, оның тарихымен және әдіс-тәсілдерімен таныстырып, шағын композицияларды жасауғабаулу. Қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену, оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту, оқушыларды әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу. Шара өте көңілді, қызықты өтті.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ