Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Дамудың айқын жолындамыз

Дата: 06.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 128
«Дамудың айқын жолындамыз» атты ақпарат күні 15 қаңтар күні Өтенай ауылдық кітпаханасында өтті. Шараға кітапхана оқырмандары және Өтенай ауылдық мәдениет үйінің директоры Б.Қ.Түстікбаев, мәдениет үйінің көркемдік жентекшісі Маржан қатысты. Шара барысында сөз алған Б.Қ.Түстікбаев- Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішіндеҚазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығыменеліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық-деді.

Саз әлемінің саңлағы

Дата: 06.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 156
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 25 қаңтар күні көрнекті композитор Н.Тілендиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Саз әлемінің саңлағы» атты дивертисмент кеші өтті. Шараға №21 мектептің оқушылары, қатысты. Шараның мақсаты: Қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор, дирижер, домбырашы - Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мәлімет беру. Сонымен қатар оқырмандардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту, әннің интонациясын дұрыс ести білу, музыкалық, ойлау қабілеттерін дамыту. Әнді айту, күй тыңдау арқылы жас ұрпақты патриоттыққа, еңбекқорлыққа, Адамгершілікке өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандар әйгілі композитор Н. Тілендиевтің өмірбаянымен, шығармашылығымен кең көлемде танысты. Күйші домбырашының «Ата толғауы», «Аққу» т.б. шығрмашылығын тыңдау арқылы оқушылар музыка әлемінің керемтіне тәнті болды. Музыкаға деген, қасиетті қара домбыраның үніне деген түсінік қабілеттері арта түсті. -К...

Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс

Дата: 06.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 160
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 27 қаңтар күні кітапхана оқырмандары арасында көрнекті жазушы І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс» атты әдеби вернисаж өтті. Оған №21 мектептің жоғары сынып оқушылары. Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру. Оқырмандардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру. Жазушының халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, шығармашылығымен таныстыру. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өттік. Осы жылы қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы екені айтылып, жазушы туралы интернет желісінен алынған оның өмірінде болған қызықты жайттардан тұратын 20 дерекпен таныстық. Сонымен қатар шараға арнайы жазушының шығармаларынан әдеби вернисаж ұйымдастырылып, әр кітабына жеке-жеке тоқталып, библиографиялық шолу жасалды. Шарға 25 адам қатысты.

Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара

Дата: 06.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 173
2020 жылдың 06 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залының «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының № 12 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 31 жыл толуына орай «Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара» атты слайд-шоу өткізілді. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу,ардагерлердің ерлігін дәріптеу, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу. Оқушыларды патриоттыққа, рухани адамгершілікке, тәуелсіз еліміздің білікті де, білімді азаматтары болуға,аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Шарада кітапханашы А.Мұсағалиева «Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара» атты слайд, бейнероликтер көрсетті. 8 сынып оқушылары Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлең жолдарын оқыды.

Менің отбасылық кітапханам

Дата: 04.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 214
Ерінбей оқып көруге – деп ұлы Абай айтқандай кітап оқу мәселесі – бүгінгі таңда барлығымызды ойландыру керек. Рухани бай болуымыз кітап оқуға тікелей байланысты. Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасыдан алған үлгіге байланысты.Осыған орай орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 4 ақпан күні ұлттық мәдени, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «Менің отбасылық кітапханам» атты отбасылық кітап көрме ұйымдастырды. Мақсаты: қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, оқушыларға кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту,...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ