Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Аққуды күймен тербеткен"

Дата: 12.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 246
2020 жылдың 12 ақпан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының спорт-интернат мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың музыкалық мәдениетіне өшпес із қалдырған композитор, күйші, орындаушы, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жыл толуына орай «Аққуды күймен тербеткен» атты өнер сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерушісі А.Егізтаева композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, бейнероликтер көрсетті. Сондай-ақ, шараға «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Шара Бүркеқызы қатысып, Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады», «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңдерін шырқап, күйші жайлы қызықты деректермен бөлісті. Ал №14 мектептің оқушылары: Ахматуллина Аделя және Аудыжанова Аида «Ата толғауы» мен «Аққу» күйін көрермен назарына ұсынды. Шара оқушыларды ұлы композитордың өмірімен, өнеріме...

«Жерден – нәр, ауадан – дауа, судан - күш»

Дата: 11.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 183
Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қоғамның экологиялық мәселері жөнінде мәлімет беру, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы жайлы білімін тереңдету, кеңейту.Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету. Экологиялық мәселелер сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 11 ақпан күніорталық балалар кітапханасында коворкинг орталығында «Жерден – нәр, ауадан – дауа, судан - күш»атты экологиялық сабақ өтті. Кітапханашы Дайрабаева Л оқушыларға жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн, жер,су және ауа жайлы түсінік берді. Су туралы және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы атап өтті. Күн және ауа табиғат сыйы оны қорғауға, гүлдер мен ағаштарды көп отырғызып, оларды күтіп ба...

"Азаттықты аңсаған ұлт көсемі"

Дата: 11.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 153
2020 жылдың 11 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының № 12 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері,ақын,жазушы, жалынды көркемсөз шебері Міржақып Дулатовтың 135 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Азаттықты аңсаған айбынды алаш азаматы туралы түсініктерін кеңейту. Еліне қорған болған, халқына қалқан болған тарих тұлғасынан үлгі - өнеге алуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы А.Мұсағалиева оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, слайд көрсетті.

«Шебер қолдар зерікпейтін ойлар »

Дата: 11.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 186
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Шебер қолдар зерікпейтін ойлар » кітаптар мен қолөнер көрмесіне шақырады.Бұл көрме қол еңбегін ұнатушыларға арналған. Көрмеге қолөнер туралы тоқылған кітаптар мен журналдар: бисермен тоқу , жұмсақ ойыншықтар тігу ұсынылған, мұнда келушілер оқырмандар жасап, бөліскен қолөнер бұйымдарын таба алады. Сондай-ақ көрмеде сізге ұнайтын өнімді оңай дайындаудың көптеген өзіндік схемалары бар. Көрменің мақсаты: балалардың еңбек туралы, оның ішінде шығармашылық туралы, оның адамдар өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, адамдарға өз жұмыстары арқылы қуаныш пен бақыт әкелуге деген ұмтылыс. Балалар арасындағы достықты тәрбиелеу. Көру зейінін түзету, ұсақ моториканы дамыту

«Ауылым алтын тұғырым»

Дата: 11.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 164
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2020 жылдың ақпан айының 10 жұлдызында «Ауылым алтын тұғырым» атты кітап көрмесі безендірілді. Кітапханаға келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Балаларға туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихы мен таныстыру. Туған жердің қадір- қасиетін ұғындыру, туған Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ