"Абай дана, Абай дара қазақта" әдеби кеш
Дата: 14.02.2020
Категория: Новости
Просмотры: 223
Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Осы орайда қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 13-ші жұлдызында №2 мектептің 7а-7ә сынып оқушыларымен Абай Кұнанбайұлының 175 жылдығына орай « Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби – сазды кеш өтті.Шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру , елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды еліміздің жас буын санасына енгізу. Абай шығармашылығын жасөспірімдердің жүрегіне терең бойлатып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау. Аталмыш кеште кітапханашы Г.Майлянова Абай өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыса,оқушылар ұлы ақынның терең ұғымды өлеңдері мен әндерін орындады. Кеш қонағы әжелер ансамлінің мүшесі, әнші Шара Бөркеқызы Абайдың аудармаларынан үзінді оқып, «Сегіз аяқ» әнін орындады. Шараға байланысты «Аба...