Шығыстың ғұлама ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби
Дата: 18.02.2020
Категория: Новости
Просмотры: 209
Биылғы мерейтой иесі, әлемге әйгілі ғалым, энциклопедист, ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 18 ақпан күні «Шығыстың ғұлама ойшылы-Әбу Насыр әл-Фараби» атты тарихи круиз өтті. Шара барысында кітапханашы К.Табылдинова тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, Батыс пен Шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан кең көлемде мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбегінде көтерілген мәселелерге де тоқталып өтті. Сонмен қатар мектеп оқушылары әл-Фараби атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, осы шара аясында қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап берді. Мақсаты: көрнекті ойшыл...