"Ұлттық мәдениет негізі - салт-дәстүрлер" бауырсақ пати
Дата: 14.03.2025
Категория: Новости
Просмотры: 9
2025 жылғы 14 наурыз Көрісу күні - Амал мерекесі күніне арналған қалалық орталық кітапханада №12 мектептің 8 «Б» сынып оқушылары қатысуымен «Ұлттық мәдениет негізі-салт-дәстүрлер» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында Көрісу күні туралы ақпарат айтылып, ұмытылып бара жатқан дәстүрлер мен ойындар көрсетілді. Сөз кезегі 8 «Б» сыныбының жетекшісі Аяжан Русланқызына беріліп, оқушылар «достар көрісуі» атты көрініс көрсетіп, «Құдаша» биін билеп тамаша көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар шарада «Бір мақал - бір бауырсақ» атты бауырсақ пати ойыны ойналып, оқушылар белсенділік танытты.
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.