Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Жүректен-жүрекке»

Дата: 27.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 163
27 ақпан күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында көктемнің алғашқы күнімен келетін адамдарға жылулық сыйлайтын мереке «1-наурыз алғыс айту күніне» орай «Жүректен-жүрекке» атты әңгіме сұхбат №21 мектептің 8 сынып оқушылары арасында өтті. Мақсаты:Жастарға «сыйластық» құндылығы, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым қатынастарды бойына сіңіре отырып, әдепті, кішіпейіл, ізетті болуға шақыру. Шара барысында «Алғыс айту күні»– Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда қиыншылықтарды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген қ...

Слова назидания, третье слово

Дата: 26.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 146
Абайдың Үшінші қара сөзі Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алма...

"Қазақ халқының алып тұлғалары"

Дата: 26.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 152
2020 жылдың 26 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында Талдықорған қаласының «Білім» колледжі және Талдықорған қаласының Сервис және Технология колледжінің білімгерлерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы – Сәбит Мұқановқа 120 жыл, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Парасат орденінің иегері – Әбу Сәрсенбаевқа 115 жыл, тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым, Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы – Мұхтар Мағауинге 80 жас толуына орай «Қазақ халқының алып тұлғалары» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шарада білімгерлерге тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріліп, әр түрлі сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, білімгерлер қаламгерлер жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

"Менің пірім-Сүйінбай" атты қалалық байқауы

Дата: 25.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 240
2020 жылдың 25 ақпанында В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны, Алматы облысының Жамбыл ауданының тумасы Сүйінбай Аронұлының 205 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» атты қалалық байқауы өтті. Қала бойынша әр мектеп, колледж, университеттен үмітін арқалаған жас қатысушылар айтыскер ақынның «Менің пірім-Сүйінбай» атты ақынға арнауы мен «Бөрілі менің байрағым» атты айтыстарынан немесе жыр – толғауларынан жатқа үзінді оқыды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қатысушылар өздерінің «үздік» екендіктерін көрсету үшін барынша тырысты. Солардың арасында қарсыластарынан оза шауып, көрермен көзайымы болып, ерекше тиянақтылық танытып дайындалған Тұрдаш Мадина Маратқызы, Бейсенбай Гүлдана, Мұхаметқазы Ақтілек сынды үміткерлердің еңбектері ақталды. Қазылар алқасының мүшесі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің ұстазы Оразбаев Шалқар Елісұлы...

Аққуды әнмен тербеткен

Дата: 25.02.2020 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 139
Егізтаева, А. Аққуды әнмен тербеткен[Мәтін] / А. Егізтаева // Талдыкорган.- 2020.- №7.- Б.7.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ