Алғыс айту-парызым
Дата: 27.02.2020
Категория: Новости
Просмотры: 196
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. 2020 жылдың 27 ақпанында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Талдықорған қаласының № 14 орта мектебінің кадет сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту парызым» атты либмоб өткізілді. Шараның мақсаты: Алғыс айту күнінің ерешеліктерімен оқушыларды таныстыру. Оларды мейрімділікке, қайрымдылыққа баулу. Бір-бірлеріне ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Тек 1 күн ғана емес, күн сайын рахмет айтуға шақыру. Шарада бөлім меңгеруші Егізтаева Асем алғыс айту күнінің жақсы жақтарын түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.