Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Аман болсын аналарІ

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 116
В библиотеке филиале № 3 села Еркин к Международному женскому дню 8 марта, 6 марта с учениками 6 класса школы № 11 , был проведен флешбук «Аман болсын аналар» Цель мероприятия: воспитать чувство любви к матери, уважать мать, уважать и уважать ее, развивать у учащихся индивидуальные способности и таланты, воспитывать нравственность, доброту, дружбу. В ходе мероприятия дети из книг искали и учили стихи для своих мам.

«Аналар – асыл жандар»

Дата: 05.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 174
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында Халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні кітапхан оқырмандарымен әдеби караоке өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау. Жастарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Кітапхана қызметкерлері осынау әсем мерекемен барша қатысушыларды құттықтады. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген бұл мерекенің орны бөлек. Әрқашан да аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан ортаймайды. Аналар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Аналар, қыздар мерекесі құтты болсын деген ыстық тілектерін айтты. Әдеби караоке барысында оқушылардың аналарға деген ілтипаттарын өлең-жырларымен, әсем билері арқылы жеткізді.

"Ана-әлемдегі ардақты жан"

Дата: 04.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 171
Ана- қасиетті де, киелі есім! Ана! Бұл фәнидегі кіршігіне кір жұқпаған жалғыз құдіретті ұғым. Ана— әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Осы орайда, 2020 жылдың 5 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында №16 орта мектеп гимназиясының оқушылары мен «Жыр жұлдыздары» клубының жас өнерпаздарының қатысуымен «Ана – әлемдегі ардақты жан» атты өлең-жыр сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерішісі А.Егізтаева оқушыларға «Ана туралы» бейнеролик көрсетіп, слайдпен таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар аналарына деген өлең жолдарын оқып, «Ана туралы жыр» атты әнін және «Қамажай» биін сыйға тартты. Оған қоса оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін ойын ойнатылды. Кеш нәтижесінде көрермен қауымнан клубқа қатысам деген қызығушылық пайда болды. Аталмыш шара оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу, еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді.

Анам менің – өмірімнің шуағы

Дата: 04.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 171
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай 2020 жылғы 4 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында «Анам менің – өмірімнің шуағы» атты әдеби-сазды кеш аналар және балалар арасында өтті. Мерекелік іс- шараға ауылымыздың әжелері қонаққа шақырылды. Шара барысында кітапхана меңгерушісі А.Қадырова келген қонақтарды құттықтап, өз алғысын білдіріп, отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілей отырып, мектеп оқушылырының қатысуымен аналар мерекесіне арнап оқушыларөз өнерлерін ортаға салды.Қабдолданова Ақбота «Сөйткен жан» өлең шумақтарын тарту етті. Әлихан Қазтай ана туралы «Ана» өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Ана–өмірдің шуағы, ана – өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі...

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Дата: 03.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 507
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ