Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қазақтың Төлегені»

Дата: 11.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 183
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 10 наурыз күні көрерменнің көз айымы болған «Қыз Жібек» фильмі арқылы қазақтың Төлегені атанған кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақтың Төлегені» атты портрет кеші кітапхана оқырмандары арасында өтті. Шараға №21 мектептің 8 сынып оқшылары, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Қожақанова Ләззәт Махаметовна қатысты. Шара барысында оқырмандар танымал тұлғаның өмірі мен шығармашылығын кеңінен танысты. Құман Нұрмағанұлы «Қыз жібек» фильмінен басқа да «Адам-жел», «Аққулар жаңғырығы», «Ағамның қалыңдығы», «Біздің Ғани», «Қосымша сауалдар,«Қыс – суармалы кезең емес», «Махамбет», «Мұнда аққулар ұшып келеді», «Кімсің сен, салт атты?», «Қараша қаздар қайтқанда», «Алаң жиегінде», «Провинциалды роман&ra...

Тума талантты ақын- Т.Молдағалиев

Дата: 10.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 286
Қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай, Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2020 жылы 10 наурыз күні «Тума талантты ақын- Т.Молдағалиев» атты поэзия кеші көпшілік оқырмандар арасында өтті. «Өнер алды қызыл тіл», - деп дана халқымыз айтқандай осы бір ұлы өнердің шыңына шыққан, артына өлмес сөз қалдырған ақындарымыз баршылық. Солардың ішінде Тұманбай Молдағалиевтің орны ерекше деп білеміз, - деп кітапхана меңгерушісі Ж. Тынышбаева тоқталып өтті. Шара барысында: Т.Молдағалиевтің «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдерін жатқа Ж.Темірбек, С.Дүйсенбинова оқыды. Мақсаты: Т.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әдеби теориялық білімдерін арттыру, ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін дамыту, лирик ақынның шығармаларындағы сыршыл сезімдерді негіздеп, адамгершілікке, сүйіспеншілікке, әнді сүюге, гуманистік қасиеттерін дамыту.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 209
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 6 наурыз күні «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты әдеби сазды кеш №23 мектептің 7 сынып оқушыларымен өткізілді. Шара Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз-аналар мен ару қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. ұстаз-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді. Даулетбек Маржанның «Асыл әжем», Темірбек Айару «Арулар асыл жандар» әндерін нақышына келтіре орындап, кешке қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Аналар балаларға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

Аяулы менің анашым!

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 156
8-наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы наурыз айының 6-шы жұлдызы күні «Аяулы менің анашым» деген тақырыпта мектептің оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында : Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар, - деген өлең шумақтарын келтіре отырып, барша әйел қауымын көктеммен бірге жеткен мерейлі мерекелерімен 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының меңгерушісі К.Табылдинова кітапхана ұжымының атынан құттықтады! Әдеби-сазды кеш мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Асан Аделья «Ақ мамам» әнін орындаса, Қасымхан Ақнұр мен Қасымхан Балнұр, Иманғазы Нұрасыл, аналарға арналған өлең шумақтарын тарту етті. Джатрыбай Алиби сатирик Жүрсі...

Ана – өмір шуағы

Дата: 06.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 183
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап қалалық №2 кітапхана филиалы «Ана – өмір шуағы» деген тақырыпта мерекелік кеш өткізді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарға құрмет көрсету әр адамның перзенттік парызы. Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, алып та, ақын да, қайраткер де – Ананың ақ сүтінен нәр алған. Кәзіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Әйелдер ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болса, ал отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйтқысы, бақыт пен берекенің көзі содықтан да көктемнің шуақты мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысы деп қарсы аламыз. Шараға қатысқан №25 мектептің 6 а сынып оқушылары аналарға өздері арнайы дайындаған ән – билерінен шашу шашып мереке шырайын асқақтата түсті. Мерекелік кеш өте көңілді әрі тартымды өтті. Шараға 19 оқушы қатысты Мақсаты:...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ