Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу
Дата: 12.03.2020
Категория: Новости
Просмотры: 183
14 наурыз – Көрісу күні. Адамдар бұл күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып,үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Осы Амал мерекесіне орай, «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасы №6, №7, №8 кітапхана филиалдары ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы 12 наурыз күні «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты әдеби-этнографиялық кеші өтті. Шараға көпшілік оқырмандар мен ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында: Кітапхана кызметкерлері А.Кадырова, К.Табылдинова мен Ж.Тынышбаева қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлерімен жасы үлкен қонақтарға сәлем беріп, «Жасыңыз құтты болсын!», «Жасыңызға жас қосылып, ғүмырыңыз ұзақ болғай!» деп тілек айтады құшақ жая қарсы алып, меймандардың отбасына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Кітапхана...