Бабалар ерлігі мәңгі есімізде
Дата: 20.05.2020
Категория: Новости
Просмотры: 163
Биыл, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына -75 жыл толуына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 24 сәуір күні «Бабалар ерлігі мәңгі есімізде» деген тақырыпта онлайн түрінде виртуалды кітап көрмесі өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні-халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам-Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Мақсаты: ғаламтор пайталанушыларға өз елінің батырларының ерліктерін есте сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, елін, жерін, отансүйгіштіке тәрбиелеу сынды тарих...