Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Жеңіс туын желбіреткен" Әлем чемпионы Сүйінов Мереймен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 146
2020 жылдың 27 сәуірінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, Европа чемпионы, Әлем чемпионатының чемпионы, күміс және қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сүйінов Мерей Иебергенұлымен онлайн кездесу өтті. Мақсаты: жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру.

"Мен сені сүйемін, сүй, көктем" ақын Гүлбақыт Қасеновамен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 283
11 сәуір сағат 19.00 де фейзбук парақшасында "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қасенова Гүлбақыт Тоқтанқызымен тікелей эфир өтті. Эфир барысында Г.Қасенова өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Сонымен қатар ақын өзінің бірнеше өлеңдерін оқыды. Оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жылы лебіздер білдірілді.

Кітап – өмір ұстазы

Дата: 21.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 173
2020 жылғы 17 – ші сәуір күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) «Кітап – өмір ұстазы» атты видео шолуын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу, зейіндерін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қашықтан оқу эстафетасы

Дата: 21.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 167
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы №134 Жарлығына және Мемлекеттік комиссия отырысының 2019 жылғы 30 қазандағы №19-32-415 хаттамасымен бекітілген 2020 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес. Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында кітапхананың белсенді оқырмандарының арасында сәуір айының 1-ші жұлдызынан бастап қашықтан оқу жалғасын тауып келеді. Шоқан Уалихнов атындағы №10 мектептің 8 «а» сынып оқушысы Мұздыбаева Сағыныш Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп, бойды алар», Байбосынова Аружан «Жасымда ғылым бар деп есермедім». Мақсаты: Данышпан ақынАбайдың өнер- білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін паш ету, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қашықтан оқу эстафетасы

Дата: 21.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 94
2020 жылы 14 сәуір күні қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында кітапхананың белсенді оқырманы Серікқызы Аяулым «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?». Мақсаты: Қазақтай дана,Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ