Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Сағыныш Намазшамовамен инстаграм желісі арқылы онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 138
Сағыныш Намазшамова 1978 жылы 8 қаңтарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. 1993-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін, 1999 жылы магистратурасын тәмамдаған. «Талдықорған» газетінде, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қызмет істеген. 2007 жылғы халықаралық шабыт фестивалінің жүлдегері, 2007 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Бақыттың бағасы» атты жыр жинағының, 2009 жылы «Сағыныш» атты өлеңдер жинағының авторы.

Абай оқуларын онлайн қашықтықтан оқу

Дата: 22.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 101
10сәуір күні қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы, ЖМУ дың 2 курс студентіБолат Аружан "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" өлеңін қашықтықтан оқыды. Мақсаты:Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Абай оқуларын онлайн қашықтықтан оқу

Дата: 22.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 98
13 сәуір күні қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Нұртай Ескендір«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін қашықтықтан оқыды. Мақсаты:Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.

"Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың"

Дата: 22.05.2020 Категория: Новости Просмотры: 170
«Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың» атты видеоролик әлеуметтік желі оқырмандары назарына ұсынылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екенін түсіндіру. Зиянды заттарды қолдануға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, одан туындайтын ауру түрлерін білуге үйрету.

"Туған жерге тағзым" Арафат Ысқақовпен онлайн кездесу

Дата: 22.05.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 158
2020 жылдың 24 сәуірінде сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, әнші, термеші Ысқақов Арафат Қалибекұлымен онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: дәстүрлі әнші, термеші А.Ысқақовтың шығармашылығы жайлы оқырмандарға ақпарат беру, дәстүрлі ән өнерінің жайлы мағлұмат беру. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=696500201111576&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ