Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Қашықтан оқу

Дата: 03.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 80
2020 жылы 29 шілде күні Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай қашықтан Бердімұратова Анель «Жаз» өлеңін мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

"Ерлікке тағзым" онлайн кездесу

Дата: 29.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 187
2020 жылдың 4 мамыр сағат 11.00 де қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облыстық дін істер басқармасының маманы Мүтебаев Қанат Маратұлымен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында әлументтік желі оқырмандарына 1941-1945 жылдары Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі жайында және жауынгерлердің ерліктері туралы Мүтебаев Қанат Маратұлы өз ойымен бөлісті және оқырмандардың бұл соғыстың не себепті Ұлы Отан соғысы деп аталды?, Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерліктері туралы айтсаңыз?, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев туралы не айтасыз?, Кәзіргі жастардың бойынла Отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде? т.б. оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы оның зардаптары туралы мағұлматтармен бөлісу, Отан үшін жанын қиған ата-апаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру. Ұлы Жеңісті дәріптеу. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру.

Әдебиеттанушы, ақын, Жетісу радиосының бас редакторы Айнұр Төлеумен онлайн кездесу

Дата: 29.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 107
Қалалық №2 кітапхана филиалы 28 сәуір күні сағат 16.00 Ұлы ақын Абай Құанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара қазақта» деген тақырыпта әдебиеттанушы, ақын, Жетісу радиосының бас редакторы Айнур Төлеумен онлайн кездесу болды. Кездесу барысында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларына кеңінен шолу жасай отырып оқырмандардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берді. Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, олардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

«Денсаулық-зор байлық»

Дата: 29.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 136
2020 жылдың 29 шілде күні сағат 11-00 де «Туған жерге тағызым» жобасы аясында Қазақстандық «G-Time» отандық өнім өндіруші компаниясының Вest лидері Төлебиева Гульнар Ғаниқызымен «Денсаулық-зор байлық» атты тақырыпта онлайн кездесу өтті. Мақсаты: Қазақстанда шығарылытын Отандық өнімдер туралы ақпарат беру. Отандық өнімді қолдау.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған өңірлік құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Дайырбаев Сырым Болатбекұлымен онлайн кездесу

Дата: 29.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 186
2020 жылдың 2 шілдесі күні сағат 11.00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған өңірлік құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Дайрбаев Сырым Болатбекұлымен «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: Әлументтік желі оқырмандарына табиғатта, өмірде болатын төтенше жағдайлар туралы мәліметтер беру, өмірде болатын әр түрлі төтенше оқиғаларды өздеріне және басқа да адамдарға жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын түсіндіру, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ