Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Онлайн кездесу

Дата: 29.07.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 80
2020 жылдың сәуір айының 29 жұлдызында сағат 11-00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен ақын сазгер Ербол Оразбаевпен онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: Ақын сазгер Е. Оразбаевтың шығармашылығы жайлы оқырмандарға ақпарат беру ән өнері жайлы мағлұмат беру. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беру.

Абай оқулары

Дата: 29.07.2020 Категория: Новости Просмотры: 109
2020 жылдың 21 мамыр күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай әлументтік желі оқырмандарына Абай шығармаларын қашықтан оқуды жалғастырады. Мақсаты: Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын, нақыл сөздерін кеңінен насихаттау, ақынның өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, олардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Афоризм

Дата: 29.07.2020 Категория: Новости Просмотры: 106
2020 жылы 27 шілде күні Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай әл-Фарабидің афоризмін ғаламтор пайдаланушылардың назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр әл-Фараби атамыздың афоризмін көпшілік оқырмандарға насихаттау.

Афоризм

Дата: 29.07.2020 Категория: Новости Просмотры: 192
Абай атамыз-дүниенің бар шындығы мен ақиқатын бір ауыз сөзге түйіндеген дана адам. Оның ұлағатты сөздерінде түсінем деген жанға қаншама даналық пен кемеңгерлік жатыр. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2020 жылы 22 шілде күні Абай атамыздың жүрек, ақыл, мінез жайлы жазған нақыл сөздерін көпшілік оқырман қауымның назарына ұсынамыз.

Қашықтан оқу

Дата: 29.07.2020 Категория: Новости Просмотры: 85
Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы 20 шілде күні Талдықорған қалалық №4 мектептің 7 «б» сынып оқушысы Мақсат Аяжан «Жазғытұры» өлеңін қашықтан оқуды. Мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармаларымен таныстыру, ақынның өлеңдерін жатқа оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ