Көнеден жеткен өсиет
Дата: 13.08.2020
Категория: Новости
Просмотры: 128
Түркі дүниесінің ойшылы, философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл блімі, тағы басқа ғылым саласының дамуына зор үлес қосқан Жүсіп Хас Хажыб.Баласағұнның туғанына 1000 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2020 жылы 13 тамыз күні «Көнеден жеткен өсиет» атты видеоролик фейсбук, инстаграм, вк парақшаларынан назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына»,-деп Жүсіп Баласағұнның өзі айтқандай, ғұлама Баласағұн адамзатты ойландырар даналық тұжырымдары мен сөз маржандарын соңына қалдырып кеткен, кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамында қолдансын, пайдасына жаратсын деп аманат еткен ойшылдың асыл да рухани мұрасын көздің қарашығындай сақтап, көздеген арман-мақсатымызға жете аламыз.