Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Еңбектенсең ел таныр»

Дата: 14.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 63
Өтенай ауылдық №5 кітапхана вилиалында 12 қыркүйек күні «Еңбектенсең ел таныр» атты слайд шоу әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынылды. Мақсаты: Өлкемізден шыққан Екі және үш мәрте Социалистік Еңбек Ерлерінің еңбектерін насихаттау. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/800003957427866/

«Туған жер-арайлы аймақ, киелі өлке»

Дата: 14.09.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 100
2020 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 15-00 де республикалық, облыстық, қалалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Азамат Нұрмұханмен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Туған жер-арайлы аймақ, киелі өлке» тақырыбында онлайн кездесу Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен өткізілді. Эфир барысында А.Нұрмұхан өзінің өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ақын бірнеше жаңа өлеңдерін оқыды. Оқырмандар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап беріліп, желі оқырмандары ақынға шығармашылық табыстар тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Мақсаты: Жетісулық жерлес ақындарымыздың шығармаларын оқырмандарға насихаттау. ​

"Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен"

Дата: 10.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 119
Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қыркүйек айының 9-шы жұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітапты дауыстап оқып берді. Мақсаты: Ұсынылып отырған «Жақсыдан-үйрен,жаманнан жирен » атты кітап баланы жалқаулық,мейірімсіздік,өзімшілдік,шыдамсыздық,салақтық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.Адамдардың жағымсыз қасиеттері қызықты оқиғаларға мысал келтіре отырып сипатталады. Қаралымы 149 ,оң пікір 21 https://www.facebook.com/100022548073225/videos/797238247704437/?extid=wWdXiUaf5DTVgzEs

Абай оқулары

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 70
Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасының 2020 жылдың қыркүйек айының 3-де Абай өлеңдерін қашықтан онлайн оқуын жалғастырды. Мақсаты: оқырмандардың Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 80 оң пікір 7, инстаграм парақшасында қаралым 62 оң пікір 9 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/792644044830524/?extid=zVNIxKmt95aXjEOA

«Бауыржан Момышұлы 110-жыл»

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 190
2020 жылдың 2-ші қыркүйек айында Б.Момышұлының 110 жылдығына орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Бауыржан Момышұлының 110 жыл» бейнеролигін ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру, өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 81 оң пікір 11, инстаграм парақшасында қаралым 57 оң пікір 7 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/791851728243089/?extid=U9lodqgJe0KYnraO
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ