Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Абай афоризмдері

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 122
2020 жылы 19 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқырмандар назарына Абай афоризмдерін ұсынды. Мақсаты: Ұлы ақынның шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Абай оқуларын қашықтан оқу

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 97
2020 жылы 17 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай #27 орта мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Жәнібек Мерей «Жүрегім нені сезесің» атты өлеңін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыру,ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу,білімге деген құштарлығын арттыру, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Табиғат сұлулық мекені

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 77
2020 жылғы 15 шілде күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалы «Табиғат – сұлулық мекені» атты видеороликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Жасөспірімдердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру, тақпақтар, нақыл сөздер айтқыза отырып, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуін, ой-өрісін дамыту, эстетикалық талғамын арттырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Тарих және ескерткіштер

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 107
2020 жылы 24 маусым күні № 8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) «Тарих және ескерткіштер» атты слайд-шоу оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстыру, болашаққа аманат екенін түсіндіру, тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту, сәулет ескеркіштері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеу. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беру.

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" атты повесіне 60 жыл.

Дата: 25.08.2020 Категория: Новости Просмотры: 68
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" атты повесіне 60 жыл. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/784753152286280/?t=6
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ