Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Абай өлеңдерін қашықтан оқу

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 85
2020 жылы 1-ші қыркүйек күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай #5 орта мектеп - лицейдің 9 сынып оқушысы Сыдық Аяулымның оқуында Абай Құнанбайұлының «Бесінші қара сөзі» оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту,«Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу, ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау

Әл-Фараби афоризмдері

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 148
2020 жылы 31 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) оқырмандар назарына әл-Фараби афоризмдерін ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу, халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқырмандарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

«Полигон Зардаптары»

Дата: 01.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 160
Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасының 2020 жылдың 26-шы тамызында «Полигон зардаптары» атты онлайн бейнеролик ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешек ұрпаққа табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 51 оң пікір 8, инстаграм парақшасында қаралым 32 оң пікір 12 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/786083438819918/?extid=P3Ehr8Jh2qXsXk7d

Абай оқулары

Дата: 01.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 92
Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасының 2020 жылдың 25-ші тамызында Абай өлеңдерін өзге ұлт өкілдері қашықтан онлайн оқуын жалғастырды. Мақсаты: оқырмандардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 84 оң пікір 9, инстаграм парақшасында қаралым 74 оң пікір 8 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/785279305566998/?extid=gPss7eAJG30hojSP

«Әбу-Насыр Әл-Фараби афоризмдері»

Дата: 01.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 77
2020 жылдың 24-ші тамыз айында Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Әбу-Насыр Әл-Фараби афоризмдері» видеоролигін ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл -Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын түсіндіру Отанға, еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 84 оң пікір 15, инстаграм парақшасында қаралым 33 оң пікір 11 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/784529842308611/?extid=YjEHgdeShwyjNgns
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ