Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» тәрбие сағаты

Дата: 11.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 39
2024 жылдың қазан айының 11 күні сағат 09:30 да қалалық № 2 кітапхана филиалы Б. Сырттанұлы атындағы № 25 орта мектебінің 7 «а» сынып оқушыларымен ақын, драматург Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқырмандарға үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстыру. Оқырмандарды өз бетінше ізденіп, оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту. Туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу. Шараға 17 адам қатысты. https://www.facebook.com/share/p/t66E62CQgrSiSHsg/ https://www.instagram.com/p/DA-PbVgoRN7/?igsh=MTJuZGo1bjdkdm1yYw== https://vk.com/wall452366377_3527

«Ертегі әлемі ғажайып» атты экскурсия

Дата: 11.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
2024 жылдың қазан айының 11-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, «Коворкинг» орталығында «Ален» балабақша бүлдіршіндеріне «Ертегі әлемі ғажайып» атты экскурсия өткізілді. Мақсаты: Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту және ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

«Шектеулі мүмкіндік - шектеусіз ақпарат» әңгіме - сұхбат

Дата: 10.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
2024 жылы 10 қазан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Қайырымдылық жүректен» атты жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар Балабай Жолаев ата , Сания Мұхтарбекқызымен «Шектеулі мүмкіндік - шектеусіз ақпарат» атты әңгіме - сұхбат өткізді. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі - бірімен жақсы қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, жант- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге баулу. https://www.instagram.com/p/DA8E-QWCyXd/?igsh=Z3FiMnpnZGljN212

«Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты ақпарат сағат

Дата: 10.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
Қалалық балалар кітапханасында Сәкен Сейфуллин туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты ақпарат сағат өткізілді. Шара мақсаты: Сәкен Сейфуллин шығармаларын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, тұрақты кітапхананың оқырмандар қатысумен, мәнерлеп оқу, жас ұрпақты отандық жазушылардың шығармаларын сүйіп оқуға шақыру. Шара барысында №2 орта мектептің сынып оқушылары: Меркурьев Руслан, Елубек Айша, Алиханұлы Әділхан, Өрісбек Қамар, Асхад Мәдижан ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқығаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

«Коворкинг» орталығы

Дата: 10.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 10 қазан күні, сағат 10.56- да №8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалының тұрақты оқырмандары «Коворкинг» орталығына келіп шашки, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Шара мақсаты: оқырмандардың кітапқұмарлығын арттыру, оларға қолжетімді орта қалыптастыру, шахмат, дойбы, ұлттық ойынымызды насихаттау. https://www.instagram.com/p/DA7x6SZiRFD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ