Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен"

Дата: 10.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 116
Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қыркүйек айының 9-шы жұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітапты дауыстап оқып берді. Мақсаты: Ұсынылып отырған «Жақсыдан-үйрен,жаманнан жирен » атты кітап баланы жалқаулық,мейірімсіздік,өзімшілдік,шыдамсыздық,салақтық сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.Адамдардың жағымсыз қасиеттері қызықты оқиғаларға мысал келтіре отырып сипатталады. Қаралымы 149 ,оң пікір 21 https://www.facebook.com/100022548073225/videos/797238247704437/?extid=wWdXiUaf5DTVgzEs

Абай оқулары

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 67
Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасының 2020 жылдың қыркүйек айының 3-де Абай өлеңдерін қашықтан онлайн оқуын жалғастырды. Мақсаты: оқырмандардың Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 80 оң пікір 7, инстаграм парақшасында қаралым 62 оң пікір 9 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/792644044830524/?extid=zVNIxKmt95aXjEOA

«Бауыржан Момышұлы 110-жыл»

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 186
2020 жылдың 2-ші қыркүйек айында Б.Момышұлының 110 жылдығына орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Бауыржан Момышұлының 110 жыл» бейнеролигін ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру, өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 81 оң пікір 11, инстаграм парақшасында қаралым 57 оң пікір 7 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/791851728243089/?extid=U9lodqgJe0KYnraO

«Абай афоризмдері»

Дата: 04.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 154
2020 жылдың 1-ші қыркүйек айында А.Құнанбайұлының туған күніне орай Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Абай афоризмдерінің» бейнеролигін ұсынды. Мақсаты: оқырмандарды Абай афоризмдерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікке, ізгілікке дәріптеу, ой – өрісін, өмірлік көзқарасын дамыту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында қаралым 86 оң пікір 12, инстаграм парақшасында қаралым 64 оң пікір 11 болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/792644044830524/?extid=zVNIxKmt95aXjEOA

Өлең - сөздің патшасы

Дата: 04.09.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 112
3-ші қыркүйек сағат 11.00-де фейсбук парқшасында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» №8 кітапхана филиалының (Учхоз ЗВТ) кітапханашысы А. Қадырова Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Әміреев Жұматай Оспанұлымен «Өлең – сөздің патшасы» атты тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Эфир барысында Жұматай Әміреев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріп, Абай атамыздың өлең шумақтарын оқырман қауымға оқып, тарту етті. Мақсаты: Жастарды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларымен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қарасөздерінің мағынасын түсіндіре отырып адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ