Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Қоңырау үні

Дата: 24.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 76
1 кыркүйек-мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастагы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күніне орай Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 1 сынып оқушысы Тоқтасынова Айару қашықтан «Қоңырау үні» атты өлеңді мәнерлеп оқыды

Жел қобыз

Дата: 24.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 132
2020 жылдың 24 қыркүйек күні күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалы Фейсбук және Инстаграм желісіне айтыс ақыны Бақтыбай Жолбарысұлының 185 жылдығына орай «Жел қобыз» атты видеоролик жүктеді. Мақсаты: Оқырмандарға Бақтыбай Жолбарысұлы туралы мәлімет беріп, өмірбаянымен таныстыру

Абай әлеміне саяхат

Дата: 23.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 109
2020 жылы 22 қыркүйек күні №8 кітапхана филиалы Учхоз( ЗВТ) Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлеміне саяхат» видеоролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Абай және Әуезов

Дата: 23.09.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 89
22-ші қыркүйек сағат 14:00.-де фейсбук парқшасында «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалының кітапханашысы А. Қадырова Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Сайлау Қажыбекұлы Қожағұловпен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай«Абай және Әуезов»атты тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Эфир өту барысында Сайлау Қажыбекұлы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына кең көлемде тоқталып өтті.Мақсаты:Абайды терең таныту, оқырмандарға өлеңдерінен, қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, аудармаларынан хабардар ету, Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасын оқырмандардың ой-санасына жеткізу, ойлау қабілеттерін дамыту, Абай шығармалары арқылы Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа,тәрбиелеу.

Тіл – достықтың тірегі

Дата: 23.09.2020 Категория: Новости Просмотры: 102
2020 жылғы 22 қыркүйек күні № 8 кітапхана филиалы Учхоз (ЗВТ) «Тіл – достықтың тірегі » атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету, тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы жас жеткіншектер дүниетанымын, ой өрісін дамыту, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді жас жеткіншектер бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ