Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Абай афоризмдері

Дата: 07.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 91
Абай афоризмдері: Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді. Жинақылықтың түбі - кеніш. Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есігін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық. Адам баласы жылап туды, кейіп өледі. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі - құдайға сиынып, екінші - өз қайратыңа сүйеніп, еңбек қылсаң, қара жер де құр тастамайды.

Абай афоризмдері

Дата: 06.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 112
Қазан айының 30-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларына оқырмандар назарына Абай афоризмдері ұсынылды. Мақсаты: Абайдың шығармаларымен таныстыру арқылы оның қарасөздерін, афоризмдерін насихаттау, және тәрбиелік мәніне назар аударту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 61 қаралым, 14 оң пікір, инстаграм парақшасында 39 қаралым, 12 оң пікір болды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/814194836008778/

«Ұстаздың оралуы»

Дата: 06.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 104
Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – Бір кітап» акциясы аясында Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын онлайн дауыстап оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: Акцияның басты мақсаты жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазіргі заманғы ақын - жазушыларды танымал ету, Қазақстандық патриоттарды біріктіру. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 43 қаралым, 9 оң пікір , инстаграм парақшасында 51 қаралым, 7 оң пікірлер жазылды.

«Кепкен жапырақтардан композициялар жасау»

Дата: 06.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 154
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қыркүйек айының 24-ші жұлдызында «Кепкен жапырақтардан композициялар жасау» атты шебер қолдар онлайн сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген жұмыстар жасауға болатынын үйрету. Онлайн сабақ нәтижесінде фейсбук парақшасында 15 оң пікір жазылып, 125 қаралым, инстаграм парақшасында 92 қаралым, 8 оң пікір болды.

«Тіл ғасыр мұрасы»

Дата: 06.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 95
Қыркүйек айының 22-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі оқырмандардың назарына «Тіл ғасыр мұрасы» атты бейнеролик ұсынылды. Мақсаты: Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту, тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 72 қаралым, 12 оң пікір, инстаграм парақшасында 68 қаралым, 9 оң пікір жазылды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ