Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Жақсыдан үйрен жаманнан жирен"

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 91
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, таным- белсенділігін арттыру, жаман мінез әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 26 -шы жұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітаптың «Теріс ұғым» оқиғасын дауыстап оқып берді. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/829586197802975/

Ғұлама ғалым Әбу Наср әл Фараби афоризмі

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 82
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы әлеуметтік желі оқырмандарының назарына “Әлемнің 2-ұстазы”атанған ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби афоризмдерін ұсынады. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=837341740360754&set=a.110356533059282&type=3

Абай афоризмдері

Дата: 27.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 231
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы әлеуметтік желі оқырмандарының назарына Абай афоризмдерін ұсынады. Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас. Серт бұзғанның орны шоқ. Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=836518683776393&set=a.110356533059282&type=3

«Өмірі өшпес өнеге»

Дата: 22.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 111
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп Абай жырлағандай, соңынан мол мұра қалдырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай қазан айының 22-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына «Өмірі өшпес өнеге» атты слайд шоу ұсынылды. Мақсаты: оқырмандарды XX ғасырдың басында саяси ерік-жігерін ұлт қызметіне арнап, ел басына күн туған сәтте халық игілігіне қызмет еткен күрескер Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен еңбегі жайлы таныстыру. Оқырмандар тарапынан фейсбук желісінде 91 қаралым, 12 оң пікір, инстаграм парақшасында 42 қаралым, 14 оң пікір жазылды. Жалпы 159 қаралым болды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=832219497539645&id=100022548073225

Абай афоризмдері

Дата: 22.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 114
Қазан айының 21-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар назарына Абай афоризмдерін ұсынды. Мақсаты: Абай афоризмдерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу. Оқырмандар тарапынан фейсбук желісінде 61 қаралым, 11 оң пікір, инстаграм парақшасында 47 қаралым, 13 оң пікір жазылды. Жалпы 132 қаралым болды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=831094800985448&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ