Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Онлайн кездесу

Дата: 30.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 57
2020 жылы 29 қазан күні сағат 11-00-де фейсбук парақшасында Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен өнер сүйер қауым үшін Қаскелең мәдениет колледжінің «Халық аспаптар бөлімін» бітірген. Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде «Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің» музыка жеткшісі, "Жыл үздігі" және "Үздік әнші" номинациясының иегері Үмбетов Азамат Талғатұлымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Өнерім-өмірім» атты онлайн кездесу өтті. Мақсаты- өнерге деген қызығушылықты арттыра отырып, оның түрлерімен таныстыру, сонымен бірге құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса»

Дата: 29.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 181
Қазақтың сазгері, саз өнеріне домбырашы, дирижер, композитор ретінде үлесін қосқан тұлға - Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына орай қазан айының 29-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты слайд галерея ұсынылды. Мақсаты: Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу, оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/838158226945772/

«Балаларға қазына»

Дата: 29.10.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 111
Қазан айының 27-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті ақын, Ескелді ауданында білім саласында еңбек етіп жүрген, ұрпақтарға білімнің нәрін берген ұстаз, ақын, балалар шығармашылығының жанашыры Айман Кәріпбаевамен фейсбук парақшасында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ақын жуырда Алматы облысының әкімінің қолдауымен шыққан «Балаларға қазына» атты жинағына енген еңбектерімен оқырмандарды таныстырып өтті. Тікелей эфир кезінде оқырмандардан көптеген сұрақтар келіп, тұшымды жауаптар берілді. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/836533367108258/

"Жақсыдан үйрен жаманнан жирен"

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 75
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, таным- белсенділігін арттыру, жаман мінез әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 26 -шы жұлдызында оқырмандардың назарына «Жақсыдан –үйрен,жаманнан жирен » атты кітаптың «Теріс ұғым» оқиғасын дауыстап оқып берді. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/835663147195280/

"Түймеқыз"

Дата: 28.10.2020 Категория: Новости Просмотры: 97
Оқырмандарды ертегілерден үлгі –өнеге алуға үйрете отырып , ізгілік, қамқорлық,жанашырлық қасиеттері туралы түсінік беру,өзіне және өзгелерге қамқор болуға баулу адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 20-шы жұлдызында Г.Х Андерсеннің танымал «Түймеқыз» ертегісіне 185 жыл толуына орай дауыстап оқу бейнеролигі әлеуметтік желілерде оқырман назарына ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/830529461041982/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ