Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Дін тәрбиенің рухани тірегі

Дата: 17.11.2020 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 113
2020 жылы 8 қазан күні сағат 11.00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы КММ-сінің» бөлім бастығы Сағыныш Асқарұлымен «Дін тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Мақсаты: Жастардың діни сауттылығын ашу, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрін сақтауға, Отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап беру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/820894345338827/

Жыр алыбы Жұбан ақын

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 77
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай қалалық №2 кітапхана филиалы оқырмандарға ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, әдебиетке деген ынталарын арттыру, ақынның қалам өнеріндегі дарын шеберлігін таныту, поэзия деген қызығушылығын, құштарлықтарын арттыру мақсатында «Жыр алыбы Жұбан ақын» атты слайдты әлеуметтік желі арқылы оқырмандарының назарына ұсынды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/820015475426714/

Салауатты өмір- біздің болашағымыз

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 77
Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты, ал денсаулығы мықты ұрпақ халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі, еліміздің болашағы. Осы мақсатта 14 қазан 2020 жылы Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» деген тақырыптағы ақпаратты әлеументтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін білуге, денсаулығын сақтауға жат әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жан-жақты рухани дамыған ұрпақ тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/825325198229075/

Әл-Фараби шығыстың ұлы ғұламасы

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 76
2020 жыл 21 қазан күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби шығыстың ұлы ғұламасы» атты танымдық бейне сағатты әлеументтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың аса құнды еңбектерін, өлмейтін - өшпейтін өсиеттерін, оқырмандардың жан жүрегігіне жеткізіп, ақылына терең сіңіріп, кеңінен насихаттау, рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Абай дана, Абай дара қазақта

Дата: 17.11.2020 Категория: Новости Просмотры: 110
20 қазан 2020 жылы Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақпаратты әлеументтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын, нақыл сөздерін кеңінен насихаттау, ақынның өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, олардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын рухына тағзым ету, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ