Қашықтан оқу
Дата: 23.11.2020
Категория: Новости
Просмотры: 68
Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Талдықорған қаласының 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыыруымен 2020 жылы 23 қараша күні әлеуметтік желі қолданушылардың назарына фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан №10 мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Балтабаева Ардақ Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңін қашықтан мәнерлеп оқуды жалғастырды. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру, оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.