Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Қазақ жырының тұңғиығы» поэтикалық марафон

Дата: 21.10.2024 Категория: Краеведение Просмотры: 31
2024 жылы 21 қазан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында Талдықорған облыстық (бұрынғы «Октябрь туы»), «Жерұйық» газеттерінде бөлім меңгерушісі, мектептерде мұғалім болып қызмет істеген, Қазақстан Жазушылар Одағының «Аққұс» қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарған, қазақтың дарынды ақыны Әбен Дәуренбековтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ жырының тұңғиығы» атты поэтикалық марафон мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Әбен Дәуренбеков аталарының шығармашылығымен таныстыру және шығармаларын насихаттау, Отанын, туған жерін, табиғатты сүюге, ата – ананы құрметтеуге шақыру. https://www.instagram.com/p/DBX-NzIiwIp/?igsh=eTVxdTBtcTlkcmNs

"Әбдіжәміл Нұрпейісов" библиографиялық шолу

Дата: 21.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 30
2024 жылдың 21 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовке арналған библиографиялық шолу өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі және шығармалары туралы мағлұмат беру.

«Сәлем саған алтын күз!» атты көрме инсталляция

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 36
2024 жылдың 18 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сәлем саған алтын күз!» атты көрме инсталляцияға шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге, сақтауға үйрету.

«Нашақорлық – болашағына жасалған қастандық» ток - шоу

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
2024 жылдың қазан айының 18 күні сағат 11:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп – лицейінің 5 «б» сынып оқушыларымен «Нашақорлық – болашағына жасалған қастандық» тақырыбында ток - шоу өткізді. Мақсаты: өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Шараға 28 оқырман қатысты. https://www.facebook.com/share/p/usNvhcP9AwvidGV4/ https://www.instagram.com/p/DBqzy6zo_36/?igsh=MXhlc2lxcjYxeGp1Yw== https://vk.com/wall452366377_3549

"Әжемнің ертегісі" ертегі тыңдау

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 24
2024 жылдың 18 қазан күні "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында "Ертегілер елінде" сериясымен шыққан "Үш күшік" ертегісін Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Дәрияш әже ұсынады. Бұл ертегіде кішкентай үш күшіктің есейіп, үйшіктеріне симай қалғандары, ұяластардың үй соғудағы хикаялары, озбыр қасқырдың арам ойының іске аспай қалғандығы туралы айтылады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ