Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Әлихан Бөкейхан – ұлт мақтанышы

Дата: 02.03.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 100
2021 жылдың күні сағат 11.00 де «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты қалалық №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Абдрахман Мирас Еркінұлымен мемлекет және қоғам қайраткері, халқының ардақты ұлы, Алаш қозғалысының көсемі атанған Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейхан – ұлт мақтанышы» тақырыбында онлайн кездесу өткізді.Мақсаты: Әлументтік желі оқырмандарына ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі, шығармашылығы, ғылыми қызметтері туралы мағұлматтар бере отырып, оның атқарып кеткен ісі, артта қалдырған орсан зор мұрасын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға, ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттің жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәхрибесін келешек ұрпаққа...

«Жетісу өңірінің жеті мекені»

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 62
Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді. Осы орайда ақпан айының 22-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша әлеуметтік желі парақшаларында «Жетісу өңірінің жеті мекені» атты бейнеролик ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Жетісу өлкесінің жеті кереметімен таныстырып, табиғатқа, туған жерге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=916140912480836&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CLlNuH2n4xi/?igshid=ore2vadvjy41

«Балаларға базарлық»

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 60
Қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі ақпан айының 18-ші жұлдызында жергілікті ақын, балаларға арнап жазылған бірнеше кітаптардың авторы А. Кәріпбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған үш томдық «Балаларға базарлық» атты кітабына бейнешолу ұйымдастырылды. Мақсаты:жас ақын А.Кәріпбаева «Балаларға базарлық» атты кітабын оқырмандарға тарту ете отырып,кітаптағы ертегілер, әңгімелер, тақпақтар арқылы балаларды еңбекқорлыққа, адалдыққа баулып, күш - қуат беріп, қиындықпен күресуге, алға ұмтылуға тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=913780212716906&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CLaujUqnP0f/?igshid=65jz63ii82ta

«Табиғат әлемі»

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Ақпан айының 17 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Табиғат әлемі» атты кітап көрме инсталляциясына бейнешолу ұйымдастырды. Кітапханашы Д.Ускенбаева әлеуметтік желі оқырмандарына әр түрлі танымдық энциклопедиялар, сонымен қатар бүлдіршіндерге арналған түрлі түсті кітаптармен таныстырып өтті. Мақсаты: қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=913222536106007&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CLdqIP3HO43/?igshid=1suyiuo16xhkm

«Жүйелік каталогпен танысу»

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 73
Ақпан айының 16-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жүйелік каталогпен танысу» атты әлеуметтік желі парақшаларында оқырмандармен онлайн библиографиялық ақпарат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды жүйеліккаталогтыңнегізгі ақпараттық функциясымен таныстыру. Сабақ барысында кітапханашы Г.Майлянова жүйеліккаталог - библиогафиялық жазбалар кітапханалық -библиографиялық жіктеудің белгілі бір жүйесіне сәйкес білім салалары бойынша орналасатынын, құрылымы мен атқаратын ролі туралы айтып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=912666486161612&id=100022548073225&sfnsn=mo https://www.instagram.com/tv/CLV1c8UHfuP/?igshid=10uw46jwnmhcq
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ