Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Жүз жыл жырлаған жүрек»

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 77
2021 жылғы 24 ақпан күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Ақбота Қабден, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты тақырыбының аясында, ақынның «Армысыңдар достар жинағы» өлеңін қашықтан оқуды әлеуметтік оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – оқырмандарға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айту, өлеңі мен айтыстары туралы мәлімет беру, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру, Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/917395579022036/

Жамбыл Жабаев-жүз жасаған бәйтерек

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 77
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 26 ақпан күні «Жамбыл Жабаев-жүз жасаған бәйтерек» атты виртуалды көрмені әлеуметтік желі қолданушылардың назарларына ұсынамыз. Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармаларының мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімінқалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=918482048913389&id=100022548073225

Онлайн кездесу

Дата: 12.03.2021 Категория: СМИ о Нас Просмотры: 64
Табылдинова К."Поэзия әлемінде" [Мәтін]./ К.Табылдинова. //Алатау.-2021.-№8.-Б.2.

Онлайн кездесу

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қашықтан онлайн түрінде түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Міне, бүгін балалар мен қарттар үйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарындағы түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырушы, Астана қаласында Әзірет-Сұлтан мешітінің ашылуына байланысты Республикалық «Текті сөздің төресі-Терме» атты байқауда «Ата-ана қадірі» тақырыбы бойынша «Үздік мақам» номинациясы бойынша 1-орын және әнші, сазгер, ақын Роза Әлқожаның ән қоржынынан «Розаның әндері» байқауында «Ауылды аңсадым» әнімен 1-орын иегері. Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» әніне жазылған, «Сіз сыйға тартқан орамал» әнінің авторы. Облыс әкімі А. Ғ. Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Амандос және Мен» атты жыр жинақтың авторы. «Дүние таланттылары Одағы" ұйымдастырған ақындар а...

«Сыйынар ем – ана деген тәңірге»

Дата: 05.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 64
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 5 наурыз күні, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Сыйынар ем – ана деген тәңірге» деген атпен әдеби караоке болып өтті. Шараға ауылымыздың тұрғыны аяулы ана Исеева Гүлшекер апа, №21 мектептің 10 сынып оқушылары, сынып жеткшісі, ұстаз Роза Әбдірасылқызы Халықова қатысты. Мерекелік шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары 11 сынып оқушылары, «Туған тел» ансамбілінің бишілері Айдана мен Дана «Шашу» биімен ашты. Шараға арнайы шақырылған қонақтар Гүлшекер апа мен Роза Әбдірасылқызы қатысушыларды осынау көктемнің алғашқы күнімен келіп жеткен мерейлі мерекемен барша әйел қауымын құттықтап, ақ жарма тілектерін айтты. Балалар өздерінің дайындаған шағын концертін аналарға тарту етіп, өлең оқылып, ән айтылды. Шара соңында аналарға арнап шағын сыйлық берілді. Шараға 15 адам қатысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=922786188482975&id=100022548073225&__cft__[0]=AZU5RjaNJG4tq6R68...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ