Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Кітап - ғасыр мұрасы

Дата: 02.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 91
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Осы орайда, 2021 жылдың 31 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы желі​ оқырмандарына​ «Кітап-ғасыр мұрасы» атты сирек қормен таныстыру ұйымдастырды. Сирек кездесетін кітаптар қоры – ерекше құнды басылған шығармалардан, бірегей кітап коллекцияларынан тұратын кітапхана қорының бір бөлігі. Айта кетсек, сирек қордың ішіндегі​ ең көнесі 1875 жылы жарық көрген «Кровавый пуфь» атты кітабы, сондай-ақ коллекциямыздағы 1960 жылға дейінгі әр түрлі басылымдардан шыққан кітаптар оқырман назарынан тыс қалмады.

Сатирик Тұрлыхан Кәріммен онлайн кездесу

Дата: 02.04.2021 Категория: Гости библиотеки Просмотры: 83
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик Тұрлыхан Кәріммен "Күлдіргім келіп тұрады" тақырыбында онлайн кездесу. #Тұрлыханкәрім #сатирик https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=939786746782919&id=100022548073225

Жыр жүйрігі - Мұқағали

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2021 жылдың ақпан айының 9 жұлдызында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр жүйрігі - Мұқағали» атты поэзия марафоны желі оқырмандарының назарына ұсынылды. Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Күмбірлеген домбыраның сазды үні

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 63
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы 2021 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында«Күмбірлеген домбыраның сазды үні»атты әңгіме сұхбат әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынылды. Мақсаты: күй анасы Дина туралы тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу;

Қош келдің, Наурыз

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Наурыз- ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің,татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Осы Ұлыстың ұлы күніне арнап Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2021 жылдың 19 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз» атты поэзия кеші өткізілді. Шараға №23 мектептің оқушылары, жастар қатысты. Кітапханашы Ж. Темірбекова Наурыз мейрамының шығу тарихына тоқталып өтті. Шара ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқырмандардың бойына сіңіру мақсатында өткізіліп, Наурыз, көктем, Отан, Туған жер туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ