Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Шебер қол ештеңені талғамайды

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 70
2021 жылғы 29 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Қызғалдақ» клубы мүшелерімен «Шебер қол ештеңені талғамайды» атты тоқыма тоқу сабағы өтті. Мақсаты – клуб мүшелеріне тоқу өнері жайлы мағлұмат беру, тоқыма тоқу технологиясын үйрену.Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі.Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнері.Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=939960830098844&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWOpQKCuweKX92fO-k1G9G_W5lMHhuVAkZCH4Ic6wytKavOmlwQ3K7S6w3yyy0vJiRJqXJz9ri7rhvRL3pI9WsKEBkZG92GsnmC-YLRce4oOu2WaMFBJj2E6Oe06WpV3i8&__tn__=%2CO%2CP-R

Жан азығы кітап

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 47
2021 жылғы 25 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жан азығы кітап» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі.Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=935689897192604&id=100022548073225&__cft__[0]=AZU7eb7U43HwIzNGP5v0FJ8idfh2MeY0ZF_XFmu9RdCREnlgYBPibGP9r4Furf-t8CJrgHwUZuTSf60p5oXkCASbMwktf9wSFFhsTdi6q2JWPBxHE2Etj0RvRJgjZa0w12Y&__tn__=%2CO%2CP-R

Қош келдің, Әз Наурыз!

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 62
2021 жылғы 19 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 22 наурыз күніне орай «Қош келдің, Әз Наурыз!»атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды.Мақсаты–жастарға, жасөспірімдерге наурыз – жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру, ата – бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт – дәстүрін, тілін, дінін, әдет - сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=931932954234965&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVD6KQBmb_KkoF7U7FJwNpL78uO5tUnIsldjVd2kAZqfUugPAj4cZinF7PujBmkAxJ5x9Ik6bsr5n4QdDxFOWR0hUHe1y7bUWL-TqEtHQ6JyzA-n8MRXnzmt_wwfaY8HwI&__tn__=%2CO%2CP-R

Наурыз – жыл басы

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
2021 жылғы 18 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 22 наурыз күніне орай«Наурыз – жыл басы»атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.Көрменің мақсаты –бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері насихаттады. Кітап көрмесінің«Наурызым – дәстүрім» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім«Қолөнер – мол өнер»деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды.

Туысым–түп-тамырым, қазығым

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 84
2021 жылғы 16 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы шежіре күніне орай «Туысым–түп-тамырым, қазығым» атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты-жастарға және жас буындарға жеті атаны білу арқылы өзіңді тану, атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу, ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/929858654442395/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ