Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Терроризм бейбітшілікке төнген қауіп

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 70
25 наурыз күні қалалық №2 кітапхана филиалы бүгінгі күннің өте күрделі проблемасына айналып отырған терроризмге байланысты «Терроризм бейбітшілікке төнген қауіп» деген тақырыпта ақпараттық видеоны әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Жастарға терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімдерге қоғамның әлуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Жастардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Өз Отанын сүйюге, елінің париоты болуға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/935671277194466/

Мұқағали Мақатаев өлеңдерін қашықтан оқу

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
2021 жылы 12 наурыз күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Мұқағали Мақатаев өлеңдерін қашықтан оқуды әлеуметтік желі оқырмандарына насихаттады. Мақсаты: Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, ақиық ақынның талантын жас ұрпақтың жүрегіне ұялату, сол арқылы поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, көркем де, қуатты поэзиясын насихаттау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үгі алу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/926637908097803/

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 90
Хаттама Көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысы 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қалалық №2 кітапхана филиалы «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» деген тақырыпта әлеуметтік жегі оқырмандарына арнап музыкалық слайдты ұсынды. Мақсаты: Анаға деген мейірімділікті , сүйіспеншілікті арттыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу, адам бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/922496968511897/

«Мамандықтың бәрі қызықты»

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 65
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі сәуір айының 7 – ші жұлдызында әлеуметтік желі парақшаларында «Мамандықтың бәрі қызықты» атты онлайн библиографиялық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Онлайн сабақ барысында кітапханашы Г.Майлянова оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, мамандық таңдау білуге, әр мамандықтың ерекшелігі туралы кеңінен түсіндірді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=943459049749022&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CNWcnI-nfoC/?igshid=7f1vu7vonqut

"Ғарыш қыраны"

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
12 –ші сәуір ғарышкерлер күніне орай, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 75жасына байланысты қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Ғарыш қыраны » атты видеоролик ұйымдастырылды. Мақсаты:Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; Білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш әлемі туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерінің өмірбаянымен таныстыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/944033443024916/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ