Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні

Дата: 19.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 81
2021 жылдың 18 сәуір күні №6, №7 кітапхана филиалының ұйымдастырумен Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы Қазақ батыры Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткішінің жанында мәдени іс-шара өтті. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Тынышбаева Жанна қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің негізгі басшыларының бірі-Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен ерлігіне тоқталып өтті. Мақсаты: Қазақ батыры – Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау, тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру, Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету. https://www.instagram.com/tv/CNzMIgyHcr6/?igshid=1bjbxsgp...

18 сәуір - Халықаралық ескеткіштер күні

Дата: 19.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 88
2021 жылы 18 сәуір күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Талдықорған қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және кітапханалармен Талдықорған қаласы аумағындағы Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері маңында тағзым ету, тарихи танымдық сағаттар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылында орналасқан «Үш Ата» ескерткіші туралы қысқаша мағлұмат берілді. Мақсаты: өсіп келе жатқан жастарға ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар қаламыздағы елеулі тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мағұлматтар беру, ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/950611155700478/

«Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні»

Дата: 19.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 90
Тарихи-мәдени ескерткіштер ұлтымыздың байлығы, халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұрасы. Өмірден өткенімен, көңілден өшпейтін бабалар есімін өшірмеу баршамыздың міндетіміз. Осы орайда Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 18 сәуір «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай Қадырғали Жалайыр бабамызға қойылған есерткішінің алдында іс-шара өтті. Шара барысында желі оқырмандарына Қадырғали бабамызға арналған ескерткіш туралы көлемді мәлімет берілді. Ескерткіш Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде, Алматы-Талдықорған автотрассасының бойында орналасқан. Ескерткіш 2008 жылы орнатылған. Қадырғали Қосымұлы Жалайыр 1530 –жылдары туып. 1605 жылдары шамасында қайтыс болған. Ортағасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Шыққан тегі Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Туған жері Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, ха...

Ескерткіштер - ел тарихы

Дата: 19.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 92
2021 жылы 15 сәуір күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел тарихы» атты ақпаратты әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Өсіп келе жатқан жастарға ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар қаламыздағы елеулі тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мағұлматтар беру, ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/948502609244666/

Тарихы терең, тағзымы биік ескерткіш

Дата: 16.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/949269415834652/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ