Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Елін қорғау – ерге серт

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
2021 жылғы 4 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Елін қорғау – ерге серт» атты слайд-галереяны оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: - жастарға Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, жастарды туған елін, жерін Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/960362361392024/

Ынтымақ – достық кепілі

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
2021 жылғы 30 сәуір күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Ынтымақ – достық кепілі» атты ақпараттық видеоны оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: - 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін жастарға, жас буындарға, жасөспірімдерге жеткізу, ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/957485835013010/

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 55
Еркін ауылдық № 3 кітапхана-филиалында 12 мамыр күні ауыл тұрғындарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты кездесу өткізілді. Қоғамда, сыбайлас жемқорлық белең алуда. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып дамытуымыз қажет. Оған сіз болып, біз болып ат салысуымыз қажет, азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау біздің міндетіміз. Мақсаты: Оқырмандарды өз еліне адал қызмет етуге, әділ болуға, адамгершілікке, әділеттілікке баулу, Отанына, еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру. Әрбір қазақстан азаматы жемқорлыққа қарсы мәдениетті өзінен бастауы керек

"Экология ел тағдыры"

Дата: 11.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
10 мамыр күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы «Экология ел тағдыры» атты бейне роликті әлеуметтік желі оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Туған жердің әсем табиғатын, барлық ресурстарны қорғап оларға қамқор болу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=964682054293388&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXiCEiys37Fn5iRKBxlpq0RNElthbMYCUdFhX5VwH7-dEMsgjQFvMAzRLBhEuPAu1r9TRJCKCXcTCdhK9nW_FmTspI2ruvL4rSBQ10yQpmBlpdMkLA0qP_mg1IBLv9TaTy5GjoYNJTKBwTQ-UsaZnJK&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жеңіс туын жықпаған"

Дата: 11.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай "Жеңіс туын жықпаған " атты видеороликті желі қолданушылар назарына ұсынды. Ұлы Жеңіс күні – қасиетті де қастерлі мереке. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=962214851206775&id=100022548073225&__cft__[0]=AZU22Ye16tlcJexDnTQHeXsuwNzOAXZ3lUGOMyd02HWDuJjZibZSEjx6O38c3piLWbggHXxVnLrUTyK99uksBPP-U98OUuDdrnbJcrSb1g9VZZFpehMzVV9O0SrJfIT_96bYSOJw7tvXMjvs15UqN_1Z&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ