Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Татулық-достықтың киелі бесігі

Дата: 15.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 89
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені -Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Талдықорған қаласының 3-ші болімшедегі №7 кітапхана филмалының ұйымдастыруымен назарларыңызға "Татулық-достықтың киелі бесігі" атты бейнероликті ұсынып отырмыз. Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=957137395047854&id=100022548073225

Қашықтан оқу

Дата: 15.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 76 жыл толуына орай Талдықорған қаласының №2 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен "Мәңгі өшпес ерлік" атты жыр марафонын 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 9 «а» сынып оқушысы Малдыбай Жібек Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» атты өлеңімен жалғастырды. Мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=960612911366969&id=100022548073225

Ою-өрнек – өрелі өнер

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 84
2021 жылғы 11 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Ою-өрнек – өрелі өнер» слайд-галереясы оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: - оқырмандарға ұлттық ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың түрлері туралы түсінік беру, олардың логикалық ойлауын, елестету қабілетін дамыту арқылы шеберлікке, эстетикалық талғампаздылыққа, халқының өнерін дәріптеуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/964710104290583/

Ұлы Жеңіске тағзым

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 74
2021 жылғы 9 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 9 мамыр Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты жыр марафонын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – жастарды, жасөспірімдерді адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Жастарды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/963345904427003/

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады

Дата: 12.05.2021 Категория: Новости Просмотры: 65
2021 жылғы 6 мамыр күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» атты қашықтан оқу оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: - жастарға, жас буындарға аға - апаларының ерлік істерінен, өмір жолдарынан мәлімет бере отырып, тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты батырлыққа, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін еске алу, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұту.Саналы азамат қалыптастыра отырып патриоттық сезімдерін ояту. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/961603997934527/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ