"Саяси құрбандар" виртуалды кітап көрмесі
Дата: 25.05.2021
Категория: Новости
Просмотры: 54
2021 жылдың 25 мамыр күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері 31 - мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру күніне орай «Саяси құрбандар!» атты виртуалды кітап көрмесін оқырман назарына ұсынды. Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Қуғын-сүргінге ұшыраған атпал азаматтар есімін бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырту. Кітап көрмесіне саяси күрес барысында халқының қамын ойлаған Алаш арыстарының атқарған қызметтері мен саяси тағдырлары туралы жазылған кітаптары қойылды. Атап айтсақ: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды арыстарымыздың репрессияланған Алаш қозғалысына жанкүйер азаматтардың тоталитарлық жүйе қыспағы тұсында жазған жырлары алынды.