Балаларға базарлық
Дата: 01.06.2021
Категория: Новости
Просмотры: 61
Осы орайда 2021 жылдың 01 маусым күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының қызметкерлері 1 маусым Халықаралық балалар күніне орай «Балаларға базарлық» атты қызықты кітап көрмесін өткізді. Шараның мақсаты: балалардың кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру. Ақыл-ой өрісін дамыту. Кітапты құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапхана қызметкері А.Мұсағалиева кітапханаға келіп түскен балалар әдебиетімен таныстырды. Атап айтсақ: «Жоғалған доп», «Удивительные динозавры планеты», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Кішкентай маймыл», «Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары», «Питер Пеннің басынан кешкендері», «Холли ана», «Шөл, су ертегілері», «Таулар, жанартаулар, үңгірлер», «Бақа ханзада», «Үш күшік», «Құс тұмсық патша», «Жан-жануарлар әлемі» атты кітап туралы мағлұмат берді.