"Бала қуанса әлем қуанады"
Дата: 04.06.2021
Категория: Новости
Просмотры: 69
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Бала қуанса әлем қуанады» тақырыпта әңгіме сағаты өтті. Шара барысында балаларды төл мерекелерімен құттықтап, 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келетінін, біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілгенін сонымен қатар мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы екендігі айтылды. Балаларды қорғау бұл әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау. Сонымен қатар кітапханаға жаңадан түсіп жатқан виртуалды кітаптармен: «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар», «Удивительные динозавры планеты» атты виртуалды 3Д анимациялық кітаптармен таныстырылды. Шараға 13 адам қатысты.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Балаларды кітап оқуға, өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиеле...