Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Бердібек Соқпақбаев-қазақтың дара жазушысы» пікір алмасу кеші

Дата: 30.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 29 қараша күні «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Бердібек Соқпақбаев-қазақтың дара жазушысы» атты пікір алмасу кеші өтті. Пікір алмасу барысында оқушылар жазушының шығармалары туралы өзіндік қөзқарастарын қалыптастырып, ой пікірлерін ортаға салды. Мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру.

«Кітапхана -мәртебелі мамандық» салтанатты кеш

Дата: 30.10.2024 Категория: Наши достижения Просмотры: 54
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 29 қазан күні «24 қазан - Кітапханашылар күні» мерекесіне орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру, оның кәсіби біліктіліктерін арттыру және ынталандыру мақсатында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш кеште Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Дайрабаева Ләзат Сұлтанғазықызы шығармашылық шеберлігімен жобаны жүзеге асырудағы белсенділігі және балалармен жұмысты ұйымдастырудағы жан-жақты біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік балаларға арналған жоба» байқауының бас жүлдесімен марапатталды. Кітапхана ұжымы Ләзат Сұлтанғазықызын жеңісімен құттықтап, еңбектің жемісін көріп, армандарына адаспай жетуін тілейміз. Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын. Марапатыңыз құтты болсын!

«Ермексаз және менің сүйікті кейіпкерлерім» қолөнер сағаты

Дата: 30.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
2024 жылдың 30 қазанында сағат 12:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы «Епті қолдар» үйірмесінің мүшелерімен «Ермексаз және менің сүйікті кейіпкерлерім» тақырыбында қолөнер сағатын өткізді. Мақсаты: оқырмандарға ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу. Шеберлік өнерін дамыту. Шараға 22 оқырман қатысты. https://www.facebook.com/share/p/rwV8BVDjUBWFY1dU/ https://www.instagram.com/p/DBvtQGyIufk/?igsh=MWdzMzJpY2psOXJjNw== https://vk.com/wall452366377_3553

«Кітапхана -мәртебелі мамандық» салтанатты кеш

Дата: 30.10.2024 Категория: Наши достижения Просмотры: 22
29 қазан күні Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен “24 қазан - Кітапханашылар күні” мерекесіне орай, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оның кәсіби біліктілігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Кітапхана -мәртебелі мамандық» атты салтанатты кеш өтті. Аталмыш кеште қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі Баймуханова Ардақ Жұманқызы ҚР Ұлттық кітапханасының құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз.

"Жошы хан - Алтын Орданың атасы"

Дата: 29.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 11
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 29 қазан күні Жошы ұлысына 800 жыл толуына орай "Жошы хан - Алтын Орданың атасы" атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Жошы хан туралы мәлімет беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ